"Оз: Ұлы әрі Қорқынышты" әлемге...

Фотография - "Оз: Ұлы әрі Қорқынышты" әлемге...

«Оз: Ұлы әрі Қорқынышты» («Оз: Великий и Ужасный») фильмі – Дисней студиясының фантастикалық-шытырман оқиғалы блогбастері.

252 0

«Оз: Ұлы әрі Қорқынышты» («Оз: Великий и Ужасный») фильмі – Дисней студиясының фантастикалық-шытырман оқиғалы блогбастері. «Алиса в стране чудес», «Аватар» және «Человек-паук» трилогиясының авторларынан тағы да бір аса қызықты фильмнің бас кейіпкерін Джеймс Франко сомдайды.

Режисер Сэм Рэймидың фильміне кеткен 200 миллион доллар сіздің көңіліңізден шығады деп ойлаймыз. Мұнда Мила Кунис, Рейчел Уайз, Мишель Уильямс және Зак Браффтардың шеберлігі мен қоса Митчел Капнер мен Дэвид Линдси-Абаирдің кереметтей сценарийіне қанық боласыз.

Иллюзионнист Оскар Диггс (Франко) әлемдік даңқты армандайды. Бірақ ол әзірге көшпелі цирктың ортаңқол әртісі болып, қарапайым адамдардың арасында бар өмірін сарқып өткізуге мәжбүр. Бірақ оның өмірі бір ғана жағдайдан өзгеріп сала береді. Оған табиғаттың өзі тосын сый жасайды. Цирктың шамданып қалған зілтемір көтерушісінен қаша жөнелген ол арқандаулы әуе шарына лып беріп секіріп, ұшып кетеді. Сол уақытта бар адам біткен тырқырай қашып, оның алдағы бағытында құйын пайда болады. Астаң-кестеңі шыққан әуе шары бір мезет әлем-тапырықтан кейінгі сәтте жан-жағына қараса – басқа әлем. Бұл әлемнің аты да дәл біздің кейіпкердің атындай – Оз. Оз әлемі...

Disney студиясы үшін «Оз елінің сыйқыршысы» ("Волшебник страны Оз") 70 жылдан бері басты тақырыптарының бірі болып келеді. 1937 жылдың өзінде Уолт Дисней Фрэнк Баум романының желісіне негізделген мультфильм түсіруді жоспарлаған еді. Бірақ бұл жоба өз мезгілінде өзекті бола алмай, оның орнына басқа жобалар іске асырылыпты.

Бояуы қанық жаңа технология арқылы Джуди Гарленд түскен фильм көрерменге кино өнеріне деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік берді.  

Кейінірек те Disney Баумның идеясымен жұмыс істеуге талаптанған болатын. Бірақ бұл қадамды да сәтті деп айта алмаймыз. Көрерменге жеткені тек «Оз еліне оралу» ("Возвращение в страну Оз") еді. Бірақ оның өзі классика деп танылмай-ақ қойды. Ал бүгінгі «Оз: Ұлы әрі Қорқынышты» анимациялық фильмі жаңалық пен ізденіске толы.

Меруерттен тұрғызылған қаланың келбетін жасау жұмысы Сэм Рэймидың алдына қойылған міндет болды. Ол бұған дейін «Человек-паук» фильмінде өзін жақсы қырынан көрсете алған еді. Ертегі-әлемнің шын мәнінде де кереметтей әсер қалдырғаны жасырын емес.

Фильм жалпы отбасыға арналғанымен негізгі көрермені мектеп жасындағылар екені шындыққа жанасымды. Рэйчел Вайстың өзге актерлерді шеберлік бойында тартып, алға қарай жетелеп жүргені де байқалғандай. Оның ішінде ессіздеу бас кейіпкер де, жасыл мыстанға айналған Мила Кунис те бар. Бұл енді шын актерлер. Ал қанатты маймыл, шыны қыз, мигундар мен басқа да жасанды кейіпкерлер – Баум мен Рэймидың еңбегі. Бас кейіпкер Оскар Диггстың сыйқыршы Озға айналатын тұстары да айтып өтуге тұрарлықтай.  

Картинаны Disney Dogital 3D және IMAX 3D форматтарында Қазақстан кинотеатрларынан 7 наурыздан бастап көре аласыз.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!