Канн фестивалі "Ұлы Гэтсби" фильмімен ашылады

Фотография - Канн фестивалі "Ұлы Гэтсби" фильмімен ашылады

66-шы Канн фестивалі режиссер Баз Лурманның "Ұлы Гэтсби" фильмімен ашылады.

205 0

66-шы Канн фестивалі режиссер Баз Лурманның "Ұлы Гэтсби" фильмімен ашылады. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары хабарлады.

Картина 3D форматта ұсынылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль осымен екінші рет 3D форматтағы картинамен ашылғалы отыр. Бұған дейін бұндай құрметке Питт Доктердің "Жоғарыға қарай" фильмі ие болған еді.

Айта кетелік, осыған дейін "Ұлы Гэтсбидің" әлемдік премьерасы 2012 жылдың желтоқсанында өтіп, картина "Оскар" жүлдесіне үміткер болады деп жоспарланған болатын. Дегенмен кейінірек бұл күн 2013 жылдың 10 мамырына ауыстырылды. Авторлар бұл шешімді картинаның "жаз мезгілінің идеал фильмі болатындығымен" түсіндірді.

Көрермендер басты рөлдерді сомдайтын Ди Каприо, Тоби Магуайр, Кэри Маллиган, Джоэль Эдгертон, үнді киносының аңызы Амитабх Баччан және американдық рэпер Джей-Зидің өнерін тамашалайтын болады.

Биылғы 66-шы Канн кинофестивалінің қазылар алқасын атақты америкалық режиссер әрі продюсер Стивен Спилберг басқармақ. 2012 жылы бұл миссия Италия елінің режиссері Нанни Мореттиге жүктелген болатын.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!