Тараз сәнгерлері Айша-бибінің заманауи бейнесін жасады

Фотография - Тараз сәнгерлері Айша-бибінің заманауи бейнесін жасады

Тараз қаласында өткен «Аспара» халықаралық сән фестиваліне 30-дан астам сәнгер қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

435 0

Тараз қаласында өткен «Аспара» халықаралық сән фестиваліне 30-дан астам сәнгер қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мәлімдеді. 

Он саусағынан өнер тамған сәнгерлерге жұмыстарын «Авангард» стилінде дайындап, аты аңызға айналған Айша-бибі сұлудың заманауи бейнесін жасау талабы қойылды.

«Аспара» фестивалі арқылы сәнгерлер ұлттық нақыштағы элементтер мен заманауи сән үлгілерін ұштастыра алу мүмкіндігіне ие болды.

Қатысушылардың жұмыстарын Ресей, ҚХР, Испания, Шри-Ланка, Өзбекістан және Қырғызстаннан келген кутюрьелер бағалады. Жеңімпаздың есімі 15 наурыз күні кешке белгілі болады. Фестивальдің жүлделі сыйлықтарының қоры – 1,2 млн теңгені құрайды.

 


Тегтер:

мәдениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!