Стивен Сигал "Жанқиярларға" түспейді

Фотография - Стивен Сигал "Жанқиярларға" түспейді

"Жанқиярлар 3" ("The Expendables 3") боевигіне Стивен Сигал түспейді. Бұл туралы Сильвестр Сталлоне өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

196 0

"Жанқиярлар 3" ("The Expendables 3") боевигіне Стивен Сигал түспейді. Бұл туралы Сильвестр Сталлоне өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Айта кетелік, осыған дейін боевик жұлдыздарын жинаған "Жанқиярлар" фильмінің үшінші бөліміне Стивен Сигал түседі деп бірқатар ақпарат құралдары хабарлаған еді. Сталлоне бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Актердің хабарлауынша, жобаға жастау әртістерден бір-екеуі шақырылуы мүмкін. Үшінші бөлімге көбірек юмор қосатынын айтты.

"Жанқиярлар 3" 2014 жылы шығуы керек. Фильмге Джейсон Стэтхэм, Николас Кейдж, Сильвестр Сталлоне, Джет Ли және басқа да актерлер түсетіндерін растады.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!