"Топас және одан өткен топас" жалғасын табады

Фотография - "Топас және одан өткен топас" жалғасын табады

"Топас және одан өткен топас" ("Dumb & Dumber" / "Тупой и еще тупее") комедиясының жалғасы түсіріледі деп айтылғаны бірнеше жыл өтті.

292 0

"Топас және одан өткен топас" ("Dumb & Dumber" / "Тупой и еще тупее") комедиясының жалғасы түсіріледі деп айтылғаны бірнеше жыл өтті. Фильмді түсіру туралы түпкілікті шешім қабылдауға негізгі актерлердің жауабы кедергі болып келген еді. Әсіресе, Джим Керри қатысу-қатыспау туралы сұрақ туындағанда біресе құптап, біресе бас тартып, жоба жұмыстарының созылып кетуіне себепшілердің бірі болғаны рас.

Екіншіден, болашақ фильмді қаржыландыру мәселесі көпке дейін шешілмей келді. Қазір Warner Bros. студиясы нақты тоқтамға келген тәрізді. Режиссерлері Питер Фаррелли мен Бобби Фаррелли жұмыс кірісуге дайын екендіктерін әлдеқашан жариялап қойған.

Жақында Джим Керри сиквелге түсуге дайын екендігін мәлім етті. "Е!" журналына берген сұхбатында:

- Мен дайынмын. Сценарий бар. Ол ұнады. Джефф (Джефф Дэниелс - Киностан) екеуміз іске кірісуге құлшынып отырмыз, - депті.

Еске сала кетелік, "Топас және одан өткен топас" фильмі 1994 жылы жарыққа шыққан еді. Комедия 17 млн. долларлық бюджетпен әлем прокатынан 247 млн. доллардан астам табыс түсірді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!