"Шерлок" сериалының тағы 2 маусымы шығады

Фотография - "Шерлок" сериалының тағы 2 маусымы шығады

Бірнеше күн бұрын BBC One телеарнасында көрсетілетін "Шерлок" ("Sherlock") сериалының үшінші маусымына дайындық басталғаны туралы ақпарат тарады.

125 0

Бірнеше күн бұрын BBC One телеарнасында көрсетілетін "Шерлок" ("Sherlock") сериалының үшінші маусымына дайындық басталғаны туралы ақпарат тарады. Тележоба авторлары бірақ үшінші маусыммен шектеліп қалмай, төртіншісін де түсіретін болыпты.

Бұл туралы сериалда басты рөлді сомдайтын Бенедикт Камбербэтч мәлім етті. RadioTimes басылымына берген сұхбатында:

- Біз тағы екі маусымға түсуге келісім бердік. Шынын айтқанда, бұл туралы хабарлауға құқым болмауы мүмкін. Менің білетінім - үшінші маусым үшін үш серия және төртіншісі үшін тағы үш серия түсіреміз. Әрі қарай не болары белгісіз, - деді.

Камбербэтчтің "біз" деп отырғаны шамасы қасындағы серігі - Мартин Фриман болса керек.

Үшінші маусымды түсіру 18 наурыздан бастап қолға алынады. Премьерасы 2013 жылдың соңына жоспарланған.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!