Қазақ мультфильмі тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильм жарық көрді

Фотография - Қазақ мультфильмі тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильм жарық көрді

Наурыздың 21-інен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік пен айдаһар» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады

413 0

Наурыздың 21-інен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік пен айдаһар» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады. Бұл туралы бүгін Алматыда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев жаңа туындының тұсаукесерінде айтты.

«3 жылдан астам уақыт бұрын «Қазақфильм» киностудиясында анимациялық студия ашылып, Жәкен Дәненов жетекшілік еткен жұмыс тобы құрылған болатын. Бүгін олардың алғашқы жұмысын көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз. Ол бейсенбіден бастап ұлттық прокатқа шығады. Бұл үшін анимациялық фильмнің 40 көшірмесін жасадық. Оны 5 жастан жоғарғы барлық буын өкілдері тамашалай алады», - дейді Е. Аманшаев.

Ұзақтығы 67 минут болатын бұл фильмнің сценариін жазғандар -  Жәкен Дәненов, Рустам Тұралиев пен Михаил Алдашин. Режиссерлері - Ж. Дәненов пен Р. Тұралиев. Композиторлары - Еділ Құсайынов, Виталий Михаэлис, Ақтоты Райымқұлова. Ондағы басты кейіпкерлерді Кәдірбек Демесінов (Ерназар), Дулыға Ақмолда (Ер Төстік), рөлдерді Ақкенже Әлімжан (Кенжекей), Лидия Кәден (мыстан), Күнсұлу Шаяхметова (Бекторы) сияқты кәсіби актерлар дыбыстап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!