Алтыншы "Зұлымдық мекенін" Пол У. С. Андерсон түсіреді

Фотография - Алтыншы "Зұлымдық мекенін" Пол У. С. Андерсон түсіреді

"Зұлымдық мекені" ("Resident Evil") сериясымен шығатын фильмдердің алтыншы бөлімінің режиссері белгілі болды.

308 0

"Зұлымдық мекені" ("Resident Evil") сериясымен шығатын фильмдердің алтыншы бөлімінің режиссері белгілі болды. FirstShowing ресурсының хабарлауынша, франшизадағы бас актриса Милла Йововичтің күйеуі - Пол У. С. Андерсон келесі серияны түсіреді.

Еске сала кетелік, Пол У. С. Андерсон "Зұлымдық мекенінің" бірінші, төртінші, бесінші бөлімдеріне режиссер болған еді. Ал қалған серияларына продюсер, сценарий авторы ретінде қатысты.

Алтынды фильмнің түсірілімі биыл күзде басталмақ. Премьерасы 2014 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Жобаға қандай актерлер шақырылатыны әзірге белгісіз.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!