Сыр өңірінде Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойлануда

Фотография - Сыр өңірінде Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойлануда

Бүгін Жаңақорған ауданының орталық алаңында «Бақ береке - құт мереке» атты Наурыз мерекесі тойланып жатыр.

141 0

Бүгін Жаңақорған ауданының орталық алаңында «Бақ береке - құт мереке» атты Наурыз мерекесі тойланып жатыр.

Көктегі күннің өзі ерекше жадырап, жерге нұрын төгіп тұр. Барын киіп, орталыққа жиылған шат-шадыман ағайын бір-бірімен жадырай амандасып, жақсылық тілесіп,  наурыз көжеден дәм татып, құттықтаулар айтып жатты.      

Мерекеде уыз жүзі бал-бұл жанған қазақы салт-дәстүрге сай киінген қыздар алтыбақан теуіп, жігіттер арқан тартып, күштерін сынасты. Ал ақ кемешек киген әжелер «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу» сынды ұлттық дәстүрлерді көрсетті. Мұнан соң батагөй ақсақал Наурыз батасын берді.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


Тегтер:

мәдениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!