Бүкіл ұжым болып «Қаражорға» биін биледі

Фотография - Бүкіл ұжым болып «Қаражорға» биін биледі

 А.Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтіп, бүкіл ұжым болып «Қаражорға» биін биледі.

225 0

 А.Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтіп, бүкіл ұжым болып «Қаражорға» биін биледі, деп хабарлайды Айқын газеті.

Білім ошағының ұстаздары мен шәкірттері, ата-аналар мен шақырылған қонақтардың жалпы саны шамамен бес жүзге жетіп жығылады. Қайта жаңғырған буын биі мектеп ауласында ор­наласқан Ахмет Жұбанов ескерт­кішінің алдында көрініс тапты. Ынтымақ-бірлігі мен тату-тәтті тірлігі жарасқан мемлекеттік мекемені құттықтай келген бел­гілі музыка зерттеушісі, профес­сор, аталмыш киелі шаңырақты ұзақ жыл басқарған Пернебек Момынұлы Наурыздың ақ батасын беріп, жұртшылыққа жылы лебізін жеткізді. Қазақ­стан­ның халық артисі, академик Ахмет Жұбановтың қызы Ажар апай қандай іс-шара болсын хабарласып, құрметтеп шақырып отыратын мектеп басшылығына үлкен алғыс айтты. Осы ұядан түлеп ұшқан, бүгінде Жамбыл атын­дағы Қазақ мемлекеттік фи­лармониясын басқаратын Мұхтар Өтеуов өнерлі өрендердің ішінен әлі талай танымал тұлғалар шығатынына сенім білдірді.

– Балаларға салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздың мән-маңызын құрғақ сөзбен мың рет айтқанша, бір рет іс жүзінде көрсеткеніміз әлдеқайда пайдалы болмақ. Сондықтан бүгін би биленіп, ән айтылып, күй тарты­лып қана қоймай, арқан тарту, асық ату сияқты түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ұлт­тық тағам түрлерін әзірлеуден де жарыс өтіп жатыр. Ұстаздар қауымы балалармен тізе қосып, бір дастарқаннан дәм татып, бірге өнер көрсетеді. Үлкен-кі­шіге наурызкөже үлестіріліп, мерекелік бағдарлама күні бойы жалғасады. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтап қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құнды­лық­тарымызды дарытуды көздеп отырмыз, – дейді музыка мек­тебінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!