Сотталғандар жасаған заттардың көрмесі өтті

Фотография - Сотталғандар жасаған заттардың көрмесі өтті

Темірден, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар, арнайы киімдер мен музыкалық аспаптардан жасалған дүниелерді облыс аумағынан жиналған кәсіпкерлер тамашалады

782 0

Қостанайда жазасын өтеушілер жасаған заттар көрмесі өтті.

Темірден, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар, арнайы киімдер мен музыкалық аспаптардан жасалған дүниелерді облыс аумағынан жиналған кәсіпкерлер тамашалады. Мақсат – кәсіпкерлердің түзеу мекемелерінде өз кәсіптерін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтуына ықпал ету. Бүгінде Қостанай облысында 2400 адам жазасын өтеуде. Соның ішінде еңбекке жарамды 1180 азаматтың тек 70%-ы  ғана жұмыспен қамтылған. Олар жылу қазандықтарында от жағыg, ас қамдайды, киім тігеді. Қалғаны тәулік бойы бос отыруға мәжбүр. Бұл жағдай жазасын өтеушілер арасында тәртіп бұзушылықтың көбеюіне әкеп соқтырады. Жеке кәсіпкерлер түзеу мекемелерінде жұмыс орындарын ашылса, онда екі жақ үшін де пайдалы болмақ. Сотталғандар арасында арнайы мамандығы бар жандар да жеткілікті.

Ризабек ДӘУЛЕТОВ, ҚАЖД бастығының орынбасары:

- Сотталғандардың арасында әртүрлі мамандық иелері бар. Жоғары білімнен бастап, өздерінің қолөнер шеберлері, ағаш, темір шеберлері, басқа да мамандықтарды игерген сотталған көп.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!