Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді

Фотография - Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді

Алматыдағы Оқушылар сарайында 31 наурызда Жапон мәдениеті күні өтеді.

187 0

Алматыдағы Оқушылар сарайында 31 наурызда Жапон мәдениеті күні өтеді.

Шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдениеті, спорты, биі, асханасымен және жапон технологияларымен таныса алады.

Бағдарламаға жапонның тайко дауылпаздарында ойналатын ойын, «Есако Соран» биі мен кандо, кайдо, каратэ сынды спорт түрлерінен көрсетілімдер енгізілген.

Сонымен қатар, мәдениет күніне келушілер экибана, каллиграфия мен жапон тағамдарын әзірлеуден шеберлік сыныптарына қатыса алады. Шараға жапон компанияларының өкілдері де атсалыспақ.

Жапон мәдениеті күні Қазақстандағы Жапония елшілігі мен Қазақ-жапон орталығы, Алматы қаласы әкімдігі және Оқушылар сарайы әкімшілігі ұйымдастырып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!