Алматыда тегін концерт өтпек

Фотография - Алматыда тегін концерт өтпек

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында 31 наурыз күні Жапонияның мәдениет күндері өтеді

169 0

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында 31 наурыз күні Жапонияның мәдениет күндері өтеді.

Акция барысында қала тұрғындары мен қонақтары жапондықтардың мәдениетімен, заманауи қолөнерімен, музыкасымен, дәстүрімен, ұлттық спорт түрлерімен, ұлттық билерімен, ұлттық тағамдарымен, технологогияларымен таныса алады. Кіру – тегін.

Қонақтар сонымен қатар, арнайы дайындалған концертті тамашалап, оригами, калиграфия, сонымен қатар, тағам әзірлеуден өтетін шеберлік сыныбына қатыса алады. Бұдан бөлек, каратистердің дайындаған бағдарламасын тамашалауға болады. Бизнес бастауды ойластырып жүрген азаматтар Жапонияның ірі компанияларының өкілдерімен әңгіме-дүкен құрып, сұрақтарын қоя алады.

Күн шығыс елінің мәдениет күндерін ұйымдастырып отырағандар – Алматыдағы Жапонияның елшілігі, Адам ресурстарын дамыту Қазақстан-Жапония орталығы және Алматы қаласы әкімшілігі мен Оқушылар сарайы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!