«Еңлікгүл» сыйлығына биыл 43 театрдан 140 адам үміткер болып отыр

Фотография - «Еңлікгүл» сыйлығына биыл 43 театрдан 140 адам үміткер болып отыр

Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығына 7 аталым бойынша биыл 140 үміткер болып отыр

246 0

Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығына 7 аталым бойынша биыл 140 үміткер болып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан театрлары: бүгін және болашағы» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

«Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығы байқауы 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатыр. Биыл оған 43 театрдан 140 адам үміткер болып отыр. Онда жеңімпаздар 7 аталым бойынша анықталады. Олардың 70-80 пайызын аймақтық театрлардың өкілдері құрайды», - дейді одақ төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов.

Тұңғышбай Қадырұлының айтуынша, бастапқы жылы «Еңлікгүл» сыйлығының лауреаттары  кубок пен дипломмен ғана марапатталып келген болатын. 2011 жылы оларға 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық та берілген еді. Ал  былтырдан бері оның көлемі 1 миллион теңге көлемінде болып отыр. Сондай-ақ арнайы медаль мен сертификат та беріле бастады.  2013 жылғы «Еңлікгүл» сыйлығы иегерлерінің есімін сарапшылар 27 наурызда 15.00-де анықтап, кешке олардың ресми түрде марапаттайтын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!