Алматыда жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды

Фотография - Алматыда жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды

Марапаттауды қала әкімдігі жанынан құрылған Театр директорлары кеңесі өткізді.

413 0

Кеше Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жылдың үздік актерлары мен актрисалары марапатталды.

Марапаттауды қала әкімдігі жанынан құрылған Театр директорлары кеңесі өткізді.

Мәселен, Құрмет грамоталарымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік акадамиялық драма театрынан Ләззат Қалдыбекова мен Берік Айтжанов, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрынан Ирина Лепсак пен Михаил Токарев, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан Мерей Әжібеков пен Лидия Кәденова, Республикалық кәріс мемлекеттік музыкалық комедия театрынан Нина Дью мен Антонина Пяк, Республикалық неміс драма театрынан Лариса Фатеева мен  Илья Садыков, Қуыршақ театрынан Еркеш Жүнісова мен Евгений Яшнев марапатталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!