Филармония директоры мен әртістері жаға жыртысып жүр

Фотография - Филармония директоры мен әртістері жаға жыртысып жүр

Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нүркен Әшіров аталмыш министрліктің блогында өзінің азаматтық позициясын білдіруді жөн санапты.

405 0

Осыдан бұрын ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің блогына ҚМСО инспекторы Маман Стамбек пен бірнеше әртістердің Қазақ Мемлекеттік Филармониясының Бас директоры Мұхтар Өтеуов пен қызметкерлерінің үстінен жазылған арызы шыққан екен. Көп ұзамай КТК телеарнасынан Жамбыл атн. филармония директоры туралы жағымсыз репортаж жарық көріпті. Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нүркен Әшіров аталмыш министрліктің блогында өзінің азаматтық позициясын білдіруді жөн санапты.

Н.Әшіровтың айтуынша, М.Өтеуов үстінен арыз жазғандарға қарсы «арыма нұқсан келтірді» деп сотқа шағымданып, оны жеңіп шыққаннан кейін, М.Стамбек пен сыбайластары енді директорға КТК арқылы күйе жақпақшы болыпты. «Менің білетінім, М.Стамбек заңға өрескел түрде қарама-қайшы келетін бірнеше қызметті осы күнге дейін қатар атқарып келген: МАСО инспекторы, администраторы, контрабас тобының концертмейстері және Н.Тілендиев атн. АФЭО-ның администраторы және инспекторы. Осы жөнсіздікке жол бермей, ретке келтірмек болған қазіргі филармония басшысы М.Өтеуов М.Стамбекті бірнеше жерден алып жүрген айлық жалақысынан қаққан соң, көңілге жақпайтын адамға айналып шыға келген.Сөйтіп, М.Стамбек өзінің сыбайластары және кәсіби төмен музыканттар мен кейбір аңқауларды үгіттеп, министрлік блогына қаралау хатын жазып, соған қол қойдырған (кейіннен олардың бірталайы білмей қол қойыппыз деп бас тартқан екен)»,– дейді ол.

Әшіровтың пікірінше, Мұхтар Өтеуов өз саласының мықты маманы, кәсіби. Бірақ, бір кездері табысты еңбек еткен ұжым басшысының қызметтен кетуіне дәл осы жалақорлар себеп болыпты. «Ал, қаралау хаттағы кейбір жылына 1-2 концерт қана беретін солистер деп жазғандары, сірә, мен – Нұркен Әшіров және өте талантты, дәстүрлі ән өнерінің бүгінгі жас тарланы Ерлан Рысқалиды меңзеген болулары керек. Ерлан екеуіміз екі жылға жуық филармония қабырғасында дәстүрлі ән-күй кешін өткізіп келеміз. Қазіргі күнде дәстүрлі ән-күй концертіне халық жинау өте қиын болсадағы, елге концерт беруімізді тоқтатқан емеспіз. Филармония директоры М.Өтеуов бұл жағдайға түсіністікпен қарап, әрдайым қолдап, тікелей көмек көрсетіп жүретіндігі шындық»,– дейді Нүркен Әшіров.

Өз блогында Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза бұл мәселенің назарға алынғанын мәлім еткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!