Серке Қожамқұлов туралы кітап жарық көрді

Фотография - Серке Қожамқұлов туралы кітап жарық көрді

Қазақстанның халық әртісі, қазақ театрының негізін салушылардың бірі Серке Қожамқұлов туралы жаңа кітап жарыққа шықты.

470 0

Қазақстанның халық әртісі, қазақ театрының негізін салушылардың бірі Серке Қожамқұлов туралы жаңа кітап жарыққа шықты.

«Шеберлік шыңы» атты жаңа жинақтың авторы – актердің қызы Рената Серәліқызы. Кітап авторының айтуынша, жинақ 4 бөлімнен тұрады. Кітапқа актердің өмірі мен шығармашылығы туралы замандастарының естеліктері, фотосуреттер мен мақалалар және мұрағат құжаттары жинақталған.  Бұл еңбекте осыған дейін жарияланбаған тың деректер де қамтылған. Жалпы қазақтың ұлы актері Серке Қожамқұлов туралы бұған дейін 3 ірі кітап шыққан болатын.  Сондай-ақ, тұлғаның сахна мен кинодағы қайталанбас рөлдері талай мақалаға арқау болды. Мамандар Серке Қожамқұловтың комедиялық рөлдерінің өзі бір төбе дейді. Ол арнайы білімі жоқтығына қарамастан режиссер ретінде де бірнеше спектакльдің бағын ашып, талай актерге тағылымды ұстаз бола білді.

Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы:

- Ол кісінің негізгі ұстанған жанры – комедия. Мына сахнадағы күлкі деген дәл қазір өзі кеміп тұр. Сол Серағаң салған күлкілердің ізі көмескіленіп бара жатыр. Күлкі жөнінде, комедиялық рөлдерді құбылтып, құлпырту жөнінде Серағаңнан көп тағылым алған сахна шеберлері. Серәлі Қожамқұловты режиссерлығынан басқа, актерлігінен басқа үлкен ұстаз, бапкер деп тануға болады.


Тегтер:

кітап

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!