Астаналықтар Француз киносының фестивалін тамшалайды

Фотография - Астаналықтар Француз киносының фестивалін тамшалайды

Бірнеше елдің елшілігі елорда тұрғындары үшін көктемгі сыйлық әзірледі. Астана тұрғындары мен қонақтары бірнеше күн бойы еуропа киносын тамашалайтын болады.

208 0

Бірнеше елдің елшілігі елорда тұрғындары үшін көктемгі сыйлық әзірледі. Астана тұрғындары мен қонақтары бірнеше күн бойы еуропа киносын тамашалайтын болады.

Бұл туралы  astana.kz  сайтына Астана қаласындағы Француз Альянсының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Француз тілінде сөйлейтін Бельгия, Канада, Румыния, Франция және Швейцария сияқты мемлекеттер Франкофония мерекесі құрметіне осындай киноларды көрсетуді ұйымдастырып отыр», - деп атап көрсетті ұйымдастырушылар.

Киномарафон Қазақстанның: Алматы, Қарағанды, Шымкент және Қостанай тәрізді бірнеше қаласында өтеді. Астанада Еуропа режиссерлерінің кинофильмдерін көрсету «Сарыарқа» кинотеатрында 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында жүреді. 

Фестиваль аясында:«Лазар мырза», «Барон», «Шағын бөлме», «Махаббат» атты төрт картинаны  көрсету қарастырылған. Басталуы19.00-де, кіру тегін.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!