София Ротару қазақстандық журналистерге сұхбат беруден бас тартты

Фотография - София Ротару қазақстандық журналистерге сұхбат беруден бас тартты

Жақында танымал әнші София Ротару концерттік бағдарламасымен Алматыға келді.

177 0

Жақында танымал әнші София Ротару концерттік бағдарламасымен Алматыға келді. Алайда, ол қазақстандық журналисттерге сұхбат беруден бас тартыпты. Бұл туралы total.kz мәлімдеді. 

Ресей эстрадасының жұлдызы София Ротару Оңтүстік Шаһарға «50. Мерейтойлық маусым» атты концерттік бағдарламасымен келген болатын. Концерт наурыздың 27-інде Республика Сарайында өтті. Әнші отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат беруден бас тартып, салтанатты іс шара басталғанша қонақүйден шықпай қойған көрінеді. Ұйымдастырушылар әншінің бұл әрекетін «жолдан қатты шаршады» деп түсіндіруге тырысты.


Әншіні сахнадан көруге ниет білдіріп, тағатсыздана күткен табынушылары көп болды. Бағасы 15 000 бастап 40 000 мың теңгеге дейін барған билеттердің барлығы сатылып, Республика сарайы көрермендерге лық толы болған.


Былтыр Ротару 65 жасқа толып,шығармашылығаның 40 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!