Алматыда «Театр көктемі-2013» фестивалінің қорытындысы шығарылды

Фотография - Алматыда «Театр көктемі-2013» фестивалінің қорытындысы шығарылды

 Алматыда 19-27 наурыз күндері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Камал Кармысовқа арналған  «Театр көктемі-2013» фестивалінің қорытындысы шығарылды.

175 0

 Алматыда 19-27 наурыз күндері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Камал Кармысовқа арналған  «Театр көктемі-2013» фестивалінің қорытындысы шығарылды.

Онда Оразхан Кенебаев,  Бекжан Тұрыс және Бауыржан Қаптағай «Ең үздік ер адам бейнесі», Азамат Сатыбалды мен Алмас Шаяхметов «Үздік ер адам бейнесі», Қымбат Тілеуова «Ең үздік әйел бейнесі», Дулыға Ақмолда мен Руслан Сенкебаев «Екінші кезектегі ер адам бейнесі» жүлдесін иеленді. Ал Құман Тастанбеков «Есте қалар кейіпкер», Төлеубек Аралбай  мен Ғайникамал Байқошқарова «Сәтті эпизод»,  Мұрат Сапаров «Көркем сценографиялық шешімдер» жүлдесін алды. 

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл фестивальде Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының соңғы 1 жыл ішінде жаңадан сахналанған «Шырақ жанған түн», «Ұлы мен ұры», «Жынойнақ», «Мен ішпеген у бар ма?...», «Шәкәрім» қойылымдары көрсетілді. Тәуелсіз сарапшылардан құралған қазылар алқасы  ондағы актерлер мен актрисалардың еңбектерін саралап, шығармашылық жұмыстарына өз бағасын берді. Сондай-ақ фестиваль мен  театрдың жұмысын насихаттағаны үшін «Заң» газетінен Шолпангүл Қараева, «Қазақ әдебиеті» газетінен Назым Дүтбаева, «Литер» газетінен Мира Құдабаева, «Алматы ақшамы» газетінен Өтеш Қырғызбаев, «Қазақстан» ұлттық  арнасынан Жазира Елшібаева, «КТК» телеарнасынан Гүлмира Әбіқаева «Театр және ақпарат» жүлдесін иеленді.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!