Қырғызстанда ресейлік ОРТ арнасы көрсетілмеуі мүмкін

Фотография - Қырғызстанда ресейлік ОРТ арнасы көрсетілмеуі мүмкін

Қырғызстан үкіметі 1 сәуірден бастап Ресей қоғамдық телеарнасының (ОРТ) таратылуы тоқтауы мүмкін деп мәлімдеді.

126 0


Қырғызстан үкіметі 1 сәуірден бастап Ресей қоғамдық телеарнасының (ОРТ) таратылуы тоқтауы мүмкін деп мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында қаржы министрлігінің өкілі Назар Малаев қазір "Қырғызтелекомның" ОРТ бағдарламаларын ретрансляциялауға қанша қаржы жұмсағанын анықталып жатқанын айтады.

Таяуда қырғыз депутаттары "Қырғызтелеком" соңғы үш жылда жоспарлы бөлінген сомадан бес есе көп қаржы жұмсады деген күдікпен тексеру ұйымдастырған. Депутаттар бұған қоса ОРТ өз хабарларын ретрансляциялау шығынын өзі өтеуі тиіс деген де пікір білдірген еді.

Ресейдің Бішкектегі елшілігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, "қырғызстандықтардың көпшілігі Ресей үкіметі бақылауындағы телеарнаны таратуды шектеу жоспарына алаңдайтынын" жеткізген.


Тегтер:

қырғызстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!