Идеология Ұлттық бағытқа бет бұрып келеді

Фотография - Идеология Ұлттық бағытқа бет бұрып келеді

Роликтерде қамтылған тақырыптардың бәрі кез келген аудитория үшін қызықты әрі танымдық мәні бар

467 0

«Қазмедиа» орталығында өткен «Қазақстанды таныту» телевизиялық жобасының тұсаукесерінде ел көрермендерінің назарына ұлттық құндылықтарымызды заманға сай насихаттайтын ұзақтығы 2 минуттан аспайтын қысқа да нұсқа тамаша туындылар экранға жол тартқандығы ресми түрде жарияланды.

Роликтерде қамтылған тақырыптардың бәрі кез келген аудитория үшін қызықты әрі танымдық мәні бар. Атап айтқанда: Асық ату ойынының тәртібі; Қазақ тілі (тарихы мен жазбасы, байлығы мен бейнелілігі); Музыкалық аспаптар және шығармашылық (домбыра жасау үрдісі; қобыздың ерекшеліктері; айтыс өткізу тәртібі); Қазақ күресінің тарихы мен ережелері; Тазы тұқымының ерекшеліктері; Ұлттық әшекей түрлері; Ер жетуге байланысты мерекелер; Қымыз дайындау және оның шипалылық қасиеттері.

Ал роликтердегі басты рөлдерге кино және спорт жұлдыздары түскен. Қазақ балуаны, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев ұлттық күрестің айрықша қуаты мен айбарын танытса, актриса Бибігүл Сүйіншәлина қазақтың ұлттық әшекейлердің өзгеше тартымдылығы мен әсемдігін паш етті. Асық туралы роликті түсіру барысында кәдімгі қала балалары ауыл балаларының арасына барып, асық ойынының әдіс-тәсілдерін меңгерсе, мыңнан астам музыкалық аспап жасаған шебер Мұса Әділов домбыра туралы роликтің басты кейіпкеріне айналған. Мұса домбыра жасаудың қыр-сырымен егжей-тегжейлі таныстырады.

Қазақ тілі туралы бейнероликте қазақ тіліне қызығушылық танытып, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге шақырған алматылықтар көрініс тапқан. Роликте қазақ жазба тілінің дамуының төрт кезеңі қысқаша нақты баяндалған. Атап айтқанда, Александр Пушкин, Уильям Шекспир және Мұхтар Әуезовтің сөз қолданыстары салыстырыла отырып, қазақ тілінің байлығы мен тереңдігі ашып көрсетілген. Сонымен бірге, ер адамның жас ерекшеліктерінің он бес түрде айтылуын ерекше айшықтап көрсету қазақ тілінің көпқырлылығын аңдатады. Осылайша, телеарналарымыз ұлттық идеологиямызды заманға сай жүргізуде тың туынды, тартымды дүниелерді жұртшылық назарына ұсынуда.

Ал бұл бейнероликтер жыл бойы «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна», «Kazakh TV», «24KZ», «Бiлiм» телеарналарынан көрсетіледі


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!