Мәскеуде Марат Омаров «Өмірім - өнерімнің өрнегі» атты ән кешін өткізді

Фотография - Мәскеуде Марат Омаров «Өмірім - өнерімнің өрнегі» атты ән кешін өткізді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Марат Омаровтың киелі сахнада өнер көрсетіп жүргеніне биыл отыз жыл толды. Соған орай, 25 наурыз күні Мәскеуде қазақтың маңдай алды әншісі «Өмірім - өнерімнің өрнегі» атты мерейтойлық кешін өткізіп, өзінің шығармашылық жолына есеп берді

224 0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Марат Омаровтың киелі сахнада өнер көрсетіп жүргеніне биыл отыз жыл толды. Соған орай, 25 наурыз күні Мәскеуде қазақтың маңдай алды әншісі «Өмірім - өнерімнің өрнегі» атты мерейтойлық кешін өткізіп, өзінің шығармашылық жолына есеп берді.

Елімізге елеулі сахна саңлағының әндері халқымызға ғана емес, шет елдегі өнер сүйер қауымға да жақсы таныс. Марат Омаровтың әндерін естімеген қазақ кемде-кем. Оның «Анашым», «Әке арманы», «Қоштасқым келмейді», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Арман қала - Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз» туындылары халықтың сүйікті әндеріне айналғалы қашан.

Өте әсерлі өткен кеште ұлттық әндерімізге сусап жүрген қандастарымыз бен өнер сүйер қауым бір серпіліп қалды. Бала күннен таныс әуендер жан-дүниелерін тебірентіп, бей-жай қалдырмады. Екі сағаттан астам уақыт халықтың шалқыма шапалағы мен қошемет құшағында ән салған өнер иесі тыңдармандарын тәнті етті. Ал еліміздің алтын мұрасына енген «Анашым» жырын зал әншімен қосылып айтты. Туған әндерін сағынған мәскеулік қазақтардың кешті ұйымдастырушыларға және Марат Омаровқа деген алғыстары шексіз болды.

Кеш барысында Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Ешлісі Ғалым Оразбақов сахна төріне көтеріліп, өзінің зор ықыласын, ақжарма тілегін жолдады. Өнерді табыс көзі деп емес, құнды қазынаға балап, кейінгі ұрпақтың өнер жолындағы өрелі биікке қол жеткізуіне сіңірген еңбегіне толағай табыс тіледі.

Наурыз мейрамы тұсында халық әндерін, өзінің әндерін айтып, көптен бері сағынған Мәскеу көрермендерінің құрышын қандырған Марат әнші де «ерекше әсерге бөлендім» деп ағынан жарылды. Қуанышына ортақтасып, концертке әншінің әндерін іздеп келген қауымға өз ризашылығын білдірген әнші, «Өмірім - өнерімнің өрнегі» дейді ғой. Отыз жыл болыпты өнерде жүргеніме. Енді Мәскеуге келіп жатқаным бірінші рет емес. Соған енді бүкіл мәскеуліктер келіп, осы творчестволық кешіме ат салысып жатқанына мен өте разымын», - деп атап өтті кеш соңында журналистерге берген сұхбатында.

Өзінің жүрекжарды әндерімен қалың қазаққа танылып, бүгінде халқының игілігі жолында бар күш-жігерін салып жүрген Марат Омаровтың Мәскеуде басталған концерттік бағдарламасының жалғасы  қазан айында Астанада өткізілмек.

Соңғы жылдары дәріс беріп, талай талантты шәкірт тәрбиелеп, ұлы көшке қосқан ұстаздың соңынан ерген ізбасарлары артынан өсіп келеді. Шынайы шыншыл, асқан шебер әнші әрі композитор өзінің саф таза өнерімен кейінгі ұрпаққа, бүкіл өнер қауымына шапағатын тигізіп ілгері бастауда. Көпшілік Марат Омаров­тың балалар арасында байқаулар ұйымдастырып, одан қалса талантты жеткіншектерді тауып, олар­дың өнердегі жолын ашып жүр­гені­нен хабардар. «Әнші балапан», «Балбөбек» арқы­лы танымал бол­ған өрендер осы күн­дері талантты жастардың қатарында жүр. Ол өзінің ар­маны шәкірт тәрбиелеу екенін, олар тек қазақстандық сахнада емес, әлем­дік сахналарда ән шыр­қаса деп тілейтінін жасыр­мады. Сол мақсатта осыдан үш жыл бұрын елорда­мыздан халық­аралық «Талант» өнер орталығын ашыпты. Бұл орта­лық­­қа нағыз та­биғи дарыны бар өнерлі бала­лар­ды топтастыр­ғысы келетін сазгер ағамыз, оларды еліміздің шалғай ауылдарынан іздеуге де бейіл.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!