Еркін Жуасбек М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры болып тағайындалды

Фотография - Еркін Жуасбек М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры болып тағайындалды

Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік  Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма теарының директоры және көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев өз өтініші бойынша қызметінен босады

222 0

Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік  Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма теарының директоры және көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев өз өтініші бойынша қызметінен босады.

  Өнер ордасын 2000 жылдан бері басқарып келе жатқан танымал режиссер енді кеңесшілік қызмет атқармақ. ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Есмұхан Обаевтың орнына  ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бұған дейін Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы  қазақ музыкалық драма  театрының директоры және көркемдік жетекшісі болып қызмет еткен белгілі театр сыншысы, драматург  Еркін Жуасбек  тағайындалып отыр. Жаңа басшыны ұжымға таныстыру барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев Есмұхан Обаевқа министрлік атынан  алғыс білдіріп, «Мәдениет үздігі» төсбелгісін табыстады.

1965 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында өмірге келген Еркін Тілеуқұлұлының 2 ұлы, 1 қызы бар. Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (АГТХИ) театр факультетін «драма және кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін  

Қазақтың өнер мәселесі бойынша ғылыми орталығында бөлім меңгерушісі, ҚР  Білім және мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетінің театр және кино бөлімінің бастығы,  Республикалық неміс драма театрының директоры,  М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының әкімшілік директоры және  2008 жылдың 4 желтоқсанынан 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!