Ван Дамм Қазақстанда тарихи фильмге түспекші

Фотография - Ван Дамм Қазақстанда тарихи фильмге түспекші

Голливуд жұлдызы Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға келмекші

209 0

Голливуд жұлдызы Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға келмекші. 

Ван Дамм іс сапарын ұйымдастырушылар – Қарағанды облысы Спорт және Дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Нұрғазы Жарылғапов пен бизнесмен Ерік Кұлкеев. Олар жұлдызды Қазақстанға жаңа фильмге түсу үшін келеді деп отыр.

Жарылғаповтың сөзіне қарағанда, ол Ван Даммен бұрыннан таныс. Белгілі болғандай, қарағандылық азамат Жан Клод Ван Даммен Behind Closed Doors («Жабык есіктердің сыртында») атты реалити шоуға қатысып, достары, туыстары бірігіп жұлдызға қалай жұдырықтасу және тектек суды қалай ішу керек екенін үйретіпті-мыс.

«Ван Дамм бокс пен Қазақстанға қызығушылық танытты. Негізі оны Азия еліктіреді, ал осыдан бірнеше жыл бұрын Астанада өткен кинофестивальға қатысып, елімізден үлкен әсермен қайтқан көрінеді. Ол тарихи киноға түсіп, Шыңғысхан немесе Темірланның образдарын сомдауды армандайды. «Көшпенділер» киносын көрген соң, басты рөлді сомдаған актерге разы болмай, бұл рөлді өзі жақсы ойнап шығатынын айтқан болатын»,-деп толықтырды Жарылғапов.

Жарылғапов реалити шоуға қатысуға ойламаған жерден ұсыныс түскенін айтты. Ван Дамм оған БАӘ болған кезде қоңырау шалып, шоуға қатысуға қолқа салған көрінеді. Осыдан бір ай бұрын актер Жарылғаповты Белгияға қонаққа шақырған екен. Сөйтіп, онымен Құлкеев те еріп кетіпті. Қонақта болғанда қарағандылықтар Ван Даммның жылқы етін жеп, соя сүтін ішетінін біліп алыпты. «Ол көп шынығады. Өзіне мықты күтім жасайды. Жылқы етін көп жейді. Оны ешкім 53 жаста деп ойлай қоймас»,-деді кәсіпкер.

«Біз танымал отандық режиссер Ақан Сатаевқа хабарластық. Ол да біздің жерлесіміз, Қарағанды қаласынан. Оған Ван Дамм жайлы айтып, сценарий жазуға ұсыныс жасадық. Ақан ойлануға уәде етті. Егер сценарий голливуд жұлдызының көңілінен шықса, ол тек басты рөлді сомдап қана қоймай, фильм продюссері болуы мүмкін»,-деп түйіндеді ол.

Ван Дамм Қарағандыға желтоқсан айының басында келеді деп жоспарланып отыр. Сол уақытта боксшы Ғалым Жарылғаповтың естелігіне арналған турнер өтеді. Алайда жұлдыздың Қазақстанға сапары оның жеке жұмыс кестесіне тәуелді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!