Бейжіңде қазақстандық кино апталығы өтеді

Фотография - Бейжіңде қазақстандық кино апталығы өтеді

Бейжіңде 17-22 сәуір аралығында қазақстандық кино апталығы өтеді. Бұл шара қытай көрермендеріне ҚР-ның қазіргі кинематографымен таныстыру мақсатын көздейді

166 0

Бейжіңде 17-22 сәуір аралығында қазақстандық кино апталығы өтеді. Бұл шара қытай көрермендеріне ҚР-ның қазіргі кинематографымен таныстыру мақсатын көздейді, деп хабарлады Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.

«Біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты атап өткім келеді. 2012 жылғы  маусымдағы мемлекеттер басшылары уағдаластығына сәйкес 2013 жылғы қараша айына жоспарланған Қытайдағы Қазақстан мәдениеті күндеріне әзірлік жүргізілуде. 2014 жылы ҚР-да ҚХР мәдениеті күндері өтед», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай халықаралық мәдениет ұйымдарының, атап айтқанда ЮНЕСКО-ның ауқымында белсенді өзара іс-қимылды белсенді жүргізуде. Айталық, қазіргі кезде қытай және қырғыз тараптары бірлесе отырып, Ұлы Жібек жолын бүкіләлемдік мәдени мұра ескерткіші деп тануға өтінім беру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!