Астанада елорданың 15 жылдығына арналған «Өз елім» атты концерт өтеді

Фотография - Астанада елорданың 15 жылдығына арналған «Өз елім» атты концерт өтеді

Астанада 6 сәуірде «Қазақстан» концерт залында  Астана мемлекеттік филармониясы қазақ халық аспаптары оркестрінің елорданың 15 жылдығына арналған «Өз елім» атты концерт өтеді

300 0

Астанада 6 сәуірде «Қазақстан» концерт залында  Астана мемлекеттік филармониясы қазақ халық аспаптары оркестрінің елорданың 15 жылдығына арналған «Өз елім» атты концерт өтеді.

Бұл туралы Астана мемлекеттік филармониясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ халық аспаптары оркестрі - Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының алғашқы кәсіби шығармашылық ұжымы (1997 жылы құрылған).

Оркестрдің құрамына Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Анар Мұздаханова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ботагөз Тәшімова, Жанар Жүсіпова, Жанар Қасымова, Алмат Сайжан, Сәттібек Баяхов, республикамыздың әйгілі музыканттары, Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерваторияның және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің  дарынды түлектері кіреді.

Он бес жыл ішінде оркестр үлкен табыстарға жетті. Бүгінгі күнде ұжымның репертуарында қазақтың халық композиторлары Ықыластың, Сүгірдің, Қорқыттың, Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Д.Нүрпейісованың, Түркештің, Тәттімбеттің, Қазақстан композиторлары Ахмет Жұбановтың, Е.Брусиловскидың, Мұқан Төлебаевтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Латиф Хамидидің, Кенжебек Күмісбековтің, Ғазиза Жұбанованың және т.б., орыс, шетел композиторларының шығармаларынан М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Г.Свиридовтың, Е.Доганың, қазіргі заман және шетел авторларынан: В.Моцарттың, И.Штраустың, И.Брамстың, Д.Пучинидің, Д.Вердидің шығармалары бар.

Астаналық оркестрмен әйгілі дирижерлер КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор  Шамғон Қажғалиев, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының және Татарстанның халық әртісі, профессор  Фуат Мансұров, Өзбекстанның халық әртісі, Т.Жамилов атындағы Мемлекеттік оркестрдің көркемдік жетекшісі, профессор - Фарух Садықов, ҚР ңңбек сіңірген әртістері  Жалғасбек Бегендіков, Есіркеп Жолдасов. концерт берді.

Оркестрдің қатысуымен әдебиет пен өнердің келесі атақты қайраткерлері: Нұртас Оңдасыновтың 100 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдығы, Ілияс Есенберлиннің 90 жылдығы, ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 160 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 80 жылдығы және қазіргі заман ақындары: Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсынова, Тұман Молдағалиев, Несіпбек Айтұлы, Мұхтар Шақанов, Серік Тұрғынбековтардың шығармашылық кештері, Жамал Омарова, Ілияс Омаров, Шара Жиенқұлова, Дінмұхаммед Қонаевты еске алу кештері өткізілді.

Оркестрдің қатысуымен Бибігүл Төлегенова, Илья Жақанов, Бекболат Тілеухан, Нұржамал Үсенбаева, Алтынбек Қоразбаев, Майра Мұхамедқызы, Бағдат Сәмединова, Майра Ілиясова, Саят Медеуов және т.б. жеке концерттерін берді.

Бүгінгі таңда қазақ халық аспаптары оркестрі қазақ халқының мәдени құндылықтары және музыкалық дәстүрін насихаттауға лайықты Астананың ең мықты кәсіби ұжымдарының бірі.

Қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, профессор Айтқали Жайымов. «Мәдениет қайраткері» Нұрлан Бекенов осы ұжымда дирижерлік қызмет атқарады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!