Ди Каприо Горбачев туралы фильм түсірмек

Фотография - Ди Каприо Горбачев туралы фильм түсірмек

Леонардо ди Каприо мен Том Хэнкстің продюсерлік компаниялары HBO Films-пен бірлесе отырып КСРО президенті Михаил Горбачев туралы фильмнің жобасымен айналысуда

184 0

Леонардо ди Каприо мен Том Хэнкстің продюсерлік компаниялары HBO Films-пен бірлесе отырып КСРО президенті Михаил Горбачев туралы фильмнің жобасымен айналысуда. 

Басылым мәліметтеріне сәйкес, жоба кеңесшілері Горбачевтің өзі мен бірнеше жылдар бойы оған аудармашылық қызмет атқарған Павел Палажченко болмақ. Белгілі болғандай, фильмде КСРО-ның бірінші әрі соңғы президентінің сөзіне сүйеніп одақтың қалай ыдырағаны баян етіледі.

Deadline мәлім еткендей, мұндай фильм түсіру идеясы Ди Каприоның ойына Горбачевпен танысқаннан кейін келген екен. КСРО-ның бұрынғы президенті 2011 жылы ақпан айында Берлинде қоршаған ортаны қорғауда сіңірген еңбегі үшін бұл актерге Cinema for Peace жүлдесін ұсынған болатын.

Хабарламаға сәйкес, картинаның сценарийін бұған дейін «Құпиялы құжаттар», «Тылсым дүние», «Дөңгелек мінген тозақ» және тағы басқа мистикалық кинотуындылардың авторы Джон Шибан жазады деп жоспарлануда. Ал фильмнің қашан шығатыны және оған қандай актерлер түсетіні жайында Deadline басылымы ешнәрсе айтпаған 

 

Bnews.kz  сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!