Астанада «Ұлт жауһары» атты зергерлік көрме ашылды

Фотография - Астанада «Ұлт жауһары» атты зергерлік көрме ашылды

Астанада Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлт жауһары» атты көрме өтуде

199 0

Астанада Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлт жауһары» атты көрме өтуде.

Аталған көрме «Әдемі-Ай» өнер мұражайының «Этнодизайнқазақ-2030» бірлестігімен бірлесе жасаған жобасы.

Көрме залына күміспен күптелген қырыққа жуық бағалы бұйымдар қойылған. Көркемдік кемеліне келтірілген ердің кемер белдіктері мен қыздардың шолпылары, мойынға ілер алқалары ешбір жанды бей-жай қалдырмайды. Әсіресе, бұл көрмеде қазақтың қыз-келіншектеріне арналған әшекей бұйымдарға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, экспозициядан XIX ғасырда қазақ шеберлерінің қолынан шыққан тамақша, тұмарша, үкітаяқ, қосбілезік, құдағи жүзік, сырға сынды күміс әшекейлерді тамашалауға болады. Олардың дені зергерлік бұйымдарына нақыштау, сіркелеу, ойып күмістеу тәсілдерімен жасалған.

Кез-келген бұйымдар ата-бабамыздың қолданған, жаратқан дүниелері жаңаша, заманауи үлгіде жасалған үлгілері де келушілердің назарына ұсынылған. «Әдемі-Ай» компаниясы соңғы 10 жыл көлемінде ұлт мұраларын заманауи технологиялармен жаңғыртып, халқымыздың салт-дәстүріне сай жасалған кәдесыйларды халыққа ұсынып келеді. Естеріңізге сала кетсек,  2010 жылы «Әдемі-Ай» компаниясының директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнертанушы, коллекционер Бахаргүл Төлегенқызы 1000-нан астам жәдігері қойылған «Әдемі-Ай» өнер мұражайын ашқан болатын. Бүгінгі күнге дейін  мұражай көне  жәдігерлермен толығуда.

«Әдемі-ай» компаниясы биылғы жылы шығармашылық жұмыстарға басымдық бере отырып, жаңа өнімдерінің қатарын көбейтті. Олардың қатарында, қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, бүгінгі келбетін бейнелейтін «Қазақстан тарихы» табақшасы, «Наурыз», «Жеті қазына», «Ертоқым» картиналары, зергерлік әшекейлер, жібектен жасалған тоқыма бұйымдар, өңірлерге арналған табақшалар топтамасы бар.


Тегтер:

көрме

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!