Абайдың әнін айтып, дара шықты

Фотография - Абайдың әнін айтып, дара шықты

Жас дарын иесі Асылбек Саламатов елордадан жүлделі оралды. Ол Астана қаласында өткен Республикалық «Струнная капель-2013» бард әндер байқауында еліміздің 102 қатысушының арасынан ІІІ орынға ие болды

175 0

Жас дарын иесі Асылбек Саламатов елордадан жүлделі оралды. Ол Астана қаласында өткен Республикалық «Струнная капель-2013» бард әндер байқауында еліміздің 102 қатысушының арасынан ІІІ орынға ие болды.

А.Саламатов - Ақжайық аудандық туризм және экология орталығының үйірме мүшесі, М.Абдолов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы.

Байқау білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы шығармашылық қабілеті бар, дарынды жастарды шығару, жыршылық әндердің жанрларын қолдау үшін ұйымдастырылған. Асылбек осы байқауда Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы», т.б. әндерді орындап, үздік үштіктен көрінді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!