Алматыда «Өкініш» көркем фильмінің премьерасы өтеді

Фотография - Алматыда «Өкініш» көркем фильмінің премьерасы өтеді

Алматыдағы "Арман 3D"  кинотеатрында режиссер Мақсат Оспановтың «Өкініш» атты көркем фильмінің премьерасы болады

284 0

Алматыдағы "Арман 3D"  кинотеатрында режиссер Мақсат Оспановтың «Өкініш» атты көркем фильмінің премьерасы болады. Бұл туралы премьераны ұйымдастырушылар хабарлады.

Жастарға арналған драмалық фильмді белгілі әнші, эстрада жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың «Қайрат Нұртас Production» компаниясы түсірген.

Шараға режиссер Мақсат Оспанов, актерлер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Қайрат Нұртас, Сиви Махмуди, Жәния Джуринская, Ренат Баситов, Гүлзира Айдарбекова,, сондай-ақ түсірушілер тобы мен шоу-бизнес өкілдері қатыспақ.

Фильмнің премьералық көрсетілімімен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!