Астанада «Кореядан махаббатпен» атты корей музыкасының фестивалі өтті

Фотография - Астанада «Кореядан махаббатпен» атты корей музыкасының фестивалі өтті

Конкурс елордада осымен үшінші жыл шымылдығын түрді

191 0

Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Кореядан махаббатпен» атты корей музыкасының III фестивалі өтті, деп хабарлайды Корей мәдени орталығы.

Конкурс елордада осымен үшінші жыл шымылдығын түрді. Оған қатысуға еліміздің әр аймағынан 100-ден астам адам өтінім білдіріпті. 29-шы наурызда 11 топ пен 11 солист іріктеу турдан сүрінбей өтіп, ақтық байқауда өнер көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен 3 орын Даутбаева Диана, Омаров Эльдар мен Хасенова Перизатқа берілді. Ал екінші орын Әлімбекова Айзадаға бұйырды. Бас жүлдені жеңіп алған Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті Алтынай Қожахметова Кореяға жолдама алды. Алтынай корейдің әглігі «Жумонг ханзада» фильміндегі әнді орындаған.

Раисов Алмаз бен «2US» тобының мүшелері Төкішева Аруна мен Ким Юрий көрермен көзаймы боып танылды.

Қазақстандағы Корея елшісі Пэк Чухен мен Қазақ Ұлттық Өнер университетінің проректоры Серік Еркімбеков қатысушыларды құттықтап, тілектерін білдірді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!