Батырхан Шүкенов мерейтойлық концертін Павлодардан бастады

Фотография - Батырхан Шүкенов мерейтойлық концертін Павлодардан бастады

Қазақстанның танымал әншісі Батырхан Шүкенов шығармашылығының 30 жылдық мерейтой концертін Павлодар қаласынан бастауды ұйғарды. 

260 0

 Қазақстанның танымал әншісі Батырхан Шүкенов шығармашылығының 30 жылдық мерейтой концертін Павлодар қаласынан бастауды ұйғарды.

«Жеке концерттерімнің алғашқысын Павлодар қаласынан бастамақпын. Неге дейсіз ғой? Сахнада жүргеніме 30 жыл болды. «Арай» тобымен 1983 жылы Павлодарға келгенімізде көрермендердің бізді ерекше ілтипатпен қарсы алғандары әлі есімде. Қазірде де сондай. Мәскеуден арнайы сіздерге келіп, өнерімізді ортаға салмақ ниеттеміз», -деді Батырхан Шүкенов Естай атындағы Павлодар мәдениет орталығында болған концерттің ашылуында.


Әнші әріптес-музыканттармен бірге жиылған көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, танымал әндерін орындап берді. Естеріңізге сала кетейік, әнші «Арай» тобының құрамына 1983 жылы шақырылған болатын. Кейіннен «А-студио» деп аталып кеткен топта Шүкенов 13 жыл қызмет етіп, кейін жеке дара шыға бастады. 


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!