Бішкекте Мұхтар Әуезовті еске алу шаралары өтті

Фотография - Бішкекте Мұхтар Әуезовті еске алу шаралары өтті

Мұхтар Әуезов қырғыздардың "Манас" эпосын насихаттауға көп үлес қосқан.

262 0

Бүгін Бішкекте жазушы Мұхтар Әуезовті еске алуға арналған шаралар өтті.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, шара аясында Бішкектегі жазушының атындағы көшеге ескерткіш тақта орнатылған. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде, мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінде еске алу кештері ұйымдастырылған.

Шараларға мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Раев, Бішкек мэрі Иса  Өмүркулов, жазушының ұлы Мұрат Әуезов, басқа да жазушылар қатысқан.

Мұхтар Әуезов қырғыздардың "Манас" эпосын насихаттауға көп үлес қосқан.

 


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!