Мәдина Сәдуақасова: «Гастрольдік сапарларға тыңдаушымның жылуын жинау үшін аттанамын»

Фотография - Мәдина Сәдуақасова: «Гастрольдік сапарларға тыңдаушымның жылуын жинау үшін аттанамын»

Мәдина Сәдуақасова – жас болғанына қарамастан, қазақстандық эстрадада ойып алар өзіндік орны бар әнші. Әншілікті оқушы кезінен бастаған 

264 0

Мәдина Сәдуақасова – жас болғанына қарамастан, қазақстандық эстрадада ойып алар өзіндік орны бар әнші. Әншілікті оқушы кезінен бастаған

- Мәдина, бұл «Қайырлы кеш, Қазақстан» шоуына алғаш қатысуыңыз ба?

- Бұл жоба басталысымен мені шақырған болатын. Алайда, ол кезде уақыт болмай, қатыса алмадым. Одан кейін телевизиялық нұсқасын көрдім де, қатты ұнаттым. Бұл жобаға қатысу мүмкіндігінің туғанына қуаныштымын.


- Нені ерекше атар едіңіз?

- Барлығы ұнады. Біріншіден, бұл біз әрдайым айтатын – халықтар достығы, ресейлік жұлдыздар біздің қазақстандық жұлдыздармен қатар өнер көрсетеді. Сондықтан, біріншіден, осыны атап өтер едім. Қоян-қолтық араласып, достасып, бір алаңда, бір жобада өнер көрсетеміз. Әрине, тағы айта кетін жайт, түсірілімдердің сапасы: жарық, дыбыс, декорациялар. Барлығы ұнайды.


- Көрерменді алдағы концерттерде немен таңғалдырасыз?

- Мен өзімнің ескі және жаңа хит әндерімді орындаймын. Жақында ғана «Айтатын саған сырым бұл» деп аталатын жеке әнжинағымды бітірдім. Осымен аттас ән бар, қазір ротацияда. Мен ол әнде басқаша қырымнан көрінемін. Әдетте менің әндерім лирикалық, махаббат туралы рухани әндер. Ал бұл ән басқалау. Бұл Мұқағали Мақатаевтың сөздеріне жазылған ән, бұл ән оның мұрағаттарынан табылды. Шабыт, муза туралы ән, бұл шығармашылық жандардың әнұраны іспеттес. Сондай-ақ, «Жүрегіме бағынбаймын» деп аталатын әнімді дайындап жатырмын. Мұнда да мен асау қыздың рөліндемін.


- Сіздің пікіріңізше, «Қайырлы кеш, Қазақстан» сияқты жобалар қазақстандық шоу-бизнестің өсуіне септігін тигізе ме?

- Әрине, бізге өсу керек. Ресей – бұл ұлы держава, ғасырлар бойы әртүрлі данышпандарды, актерлер мен әншілерді дүниеге әкелген ел. Біз олармен салыстырғанда, әлі жаспыз. Олардан үйренеріміз көп.


- Шығармашылық жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

- Менің қазіргі өмірім үздіксіз жұмыстан тұрады. Жаңа жобалар дайындау үстіндемін. Алайда, ол туралы әзірге тіс жарғым келмейді. Қызықты дуэттер жазып, жаңа бейнебаяндар түсірсем деймін. Әдетте мен бейнебаянды жиі түсірмеймін, соңғы рет 7 жыл бұрын түсірген едім. Араға осыншама ұзақ уақыт салып, жаңа бейнебаян түсірдім. Енді мұндай ұзаққа созылатын кідірістер жасағым келмейді. Ақпан айында Астанаға кетем, сол жақтан тығыз жұмыс кестем басталады. Жол жүру керек, адамдармен кездесу керек деген сияқты. Шынымды айтсам, кейде бір нәрсе жетіспейтіндей болып тұрады. Сол кезде мен өз кестеме концерттерді енгіземін де, көрерменіммен тілдесіп, жан жылуын жинау үшін концерттерге аттанамын.

- Сұхбатыңызға рақмет! 


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!