Басты рөлін Қайрат Нұртас сомдаған фильм көрерменге ұсынылды

Фотография - Басты рөлін Қайрат Нұртас сомдаған фильм көрерменге ұсынылды

Алматыда басты рөлді әнші Қайрат Нұртас сомдайтын «Өкініш» лирикалық драмасының тұсаукесері болып өтті.

185 0

Алматыда басты рөлді әнші Қайрат Нұртас сомдайтын «Өкініш» лирикалық драмасының тұсаукесері болып өтті.

Салтанатты шара фильмге қатысқан отандық танымал жұлдыздар басты рөлдерде ойнаған әртістердің қызыл алашамен жүріп өтуімен ашылды. Жоба авторларының айтуынша, кинода бүгінгі қоғам көрініс береді. Онда басты рөлді сомдайтын кейіпкер Қайраттың отбасына, сүйіктісіне және достарына деген қарым-қатынасы бейнеленеді. Ал Қайраттың өмірдегі ата-анасы да айна-қатесіз кинодағы кейіпкерлерге айналған.

Қ. Нұртастың айтуынша «Өкініш» киносындағы оқиғалар желісінің 70 пайызы шынайы өмірден алынған болса, қалғаны ой-қиялдан туындаған көркемдік туынды көрінеді. Сондай-ақ, оның киноматография саласындағы бұл алғашқы қадамы болғанымен, ән айтуын екінші кезекке қалдырмайды екен. Бұл жөнінде өзі: «Ән салуды ешқашан тастамаймын және тоқтатпаймын. Мен ән айта алмай тұра алмаймын. Қайда жүрсем де шырқай беремін. Ал әртістігімді керемет деп айта алмаймын, десек те, маған бұл тәжірибе ұнады» деп ағынан жарылды әнші Қайрат.

Фильмнің бюджеті 500 мың долларды құрапты. Ал басты рөлдерді сомдағандардың қатарында әнші Сиви Махмуди мен танымал әртістер Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов секілді тұлғалар бар.

«Өкініш» осы жылдың 11 сәуірінен ел экрандарына жол тартпақ. 


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!