Дильназ Ахмадиева:«Махаббаттың ғұмыры үш-ақ жыл...»

Фотография - Дильназ Ахмадиева:«Махаббаттың ғұмыры үш-ақ жыл...»

Осы бір нәзік жанның бойында көпшіліктің жүрегін жаулап алатын қандай құпия бар?

279 0

«Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының кезекті жазбаларында Дильназ Ахмадиева өз көрермендерін тамаша әндерімен тағы бір қуантты. Сахналық киімдері мен өзіне тән кербездік жиналған өнерсүйер қауымды тәнті етті. Осы бір нәзік жанның бойында көпшіліктің жүрегін жаулап алатын қандай құпия бар?

— Мадонна бірде «егер сахнада ұзағырақ қалғың келсе, тек басты ғана емес, шынтақты да жұмыс істет» депті. Дильназ, осы өнер жолында қақтығысуға тура келген жағдайлар болды ма?

— Мұндай жағдайлар болған емес. Мен – жолым болғыш адаммын. Мен әнді жүрегіммен айтамын, айтатын әндерімді өне бойымнан өткізіп, сезініп айтамын. Меніңше, басты құпия: егер жұмысқа жаныңды беріп істесең, барлығы сәтті шығады. Сондықтан маған қақтығысудың қажеті жоқ.

— Алайда, қазақстандық эстрадада, дегенмен, бәсекелестік бар ғой?

— Әрине, бар. Алайда ол біреу біреуді аяқтан шалады деген сөз емес, қайта үзеңгілестерге қарап, өзіңді қамшылай түсесің. Өзіңді жаңа мақсаттарға жетелеп, алға жылжисың. «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» сияқты жобалар барлығынан хабардар болып, музыкалық рейтингтерде кімнің алдыңғы қатарлардан табылатынын білуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, өзіңді дамыта түсуге итермелейді.

 

— Кәсібіңіз сізді жиі жылатты ма?

— Иә, болған. Тіпті, жиі деп те айта аламын.

— Көбінесе неге байланысты болатын еді?

— Ашығын айтқанда, көпшілік әншілерді жезөкшелермен шатастырады. Тіпті, ауыр сөздер айтқан кездер де болды. Мен үшін кәсібіме қатысты қисық айтылған әрбір сөз – бұл тіл тигізу. Мен өте эмоционалды, сезімтал адаммын. Сондықтан, көзіме жиі ерік беремін.

—Дильназ Ахмадиеваның күнделікті күнін сипаттап беріңізші. Ол неден басталып, немен аяқталады?

— Мен түске дейін ұйықтаймын. 11-12-ден ерте тұрмаймын. Алайда көп ұйықтаймын, кем дегенде 12 сағат. Әншілерге көп ұйықтаған пайдалы деседі. Ал қалған дүниенің барлығы түстен кейін, кешке және түнде болады. Жазбалар әдетте кешке қарай, түнге таяу басталады. Менің кестем бұзылып кеткен, таңғы ас ішу дегенді білмеймін.

— Өзіңіздің мінсіз өтетін күніңізді сипаттап беріңізші.

— Менің мінсіз күнім — ол күнделікті күнім.

— «Мәңгілік махаббат болмайды, оның ғұмыры үш жыл, асса жеті жылға барады, ал ары қарай адамдар бір-біріне үйренісіп кетеді» деген пікірмен келісесіз бе?

— Шынымды айтсам, мен бір кездерде махаббатты шексіз деп ойлайтынмын. Мен өкінішке орай, «махаббат үш жылға созылады» деген пікірге келісетін шығармын. Бұл – шындық. Ал ары қарай барлығы сыйластыққа, қарым-қатынасқа байланысты болады. Бәлкім, бүкіл ғұмыр бойы өмір сүретін кезі де болатын шығар. Алайда көп жағдайда, өз тәжірибеме сүйенсем, үш жыл деп айта аламын. Махаббат – бұл жай ғана сөздер емес, мейірім, қамқорлық немесе тіпті төсек қатынасы да емес. Бұл сөздердің жалған болғанын қалар едім. 

 

— Нағыз еркектің қандай болатыны туралы нақты түсініктер бар. Ал сізше, нағыз әйел қандай болуы тиіс және өз ері үшін не нәрсеге дайын болуы керек?

— Нағыз еркек – бұл бірінші кезекте джентельмен. Нағыз еркек сыпайы, мейірімді, сенімді әрі түсінігі мол болуы тиіс. Егер ер адам мен әйелдің арасында сыйластық болмаса, барлығы құрдымға кетеді. Мен үшін нағыз еркек – өз әйелін материалдық, моральдық және физикалық тұрғыдан қамтамасыз ететін адам. Ол әрдайым жанынан табылып, оны қорғап, көмектесіп отыруы тиіс. Нағыз әйел – ол отбасының ұйытқысы. Ол өз ері үшін барлық жағдайды жасауы тиіс. Және ешқашан оны аяққа таптамауы қажет.

— Бүгінде сіздің америкалық музыкалық аренаға шығу үшін еңбектеніп жүргеніңіз мәлім. Америкалық индустрия қашанда қатал санаталатын. Осыған қатысты пікіріңіз қандай?

— Осы мәселеге нүкте қойсам деп едім. Себебі, мен ешқашан Америкаға көшіп, онда жұмыс істеуге тырысқан емеспін. Онда ешқашан тұра алмас едім. Мен Америкаға тәжірибе жинап, шын мәнісінде, өз қабілеттерімді сынау үшін бардым. Ешқашан да біреуден асып түсемін деген ой болмаған (газеттердегі «Мадоннаны басып озады екен» деген әңгімеге қатысты). Сондықтан, бұл артық әңгіме сияқты. Мен бар болғаны Америкаға барып, тәжірибе жинаймын, вокалистерден сабақ алып, музыканттармен кездесемін. Ағылшын тілінде қандай бағытта ән айтуыма болатынын түсінгім келеді. Білімім аударма саласында болғандықтан, тілімді жаттықтырамын.

— Сүйікті афоризміңіз?

— «Кештен еш жақсы».

 

— Сүйікті фильміңіз?

— «Крестный отец».

— Ал философыңыз?

— Ницше.

— Бір жануарға айналу мүмкіндігі туса, қайсысын таңдар едіңіз?

— Мысықты.

— Болашақта балаңыз «Анашым, қалай өмір сүру керек?» деп сұраса, қалай жауап бересіз?

— Бұл – күрделі сұрақ. Себебі, менің әзірге балам жоқ. Алайда, мен өзімнің анамның істегендерін қайталайтын шығармын деп ойлаймын. Ол мені еркін өсірді, маған сенім артқаны соншалық, мен әр қадамым үшін жауапкершілікті сезінетін едім. Меніңше, балаларға дұрыс бағытта еркіндік беру керек, олар сенімнің артылғанын сезінулері тиіс. Осы кезде ғана бала өз жолын тауып, өз өмірін өзі таңдай алады. Өмірді қалай сүру керек? Өзіңді еркін сезініп, ішкі түйсігіңе сенім артуың керек. Ал баланы үйрете бастасаң, өзіңнің жас болғаныңды, ата-анаң рұқсат бермегенде, не сезінгеніңді ұмытып кетесің. Әрине, көп нәрсе баланың дамуына байланысты. Егер ол мұндай сұрақты ес тоқтатқан кезінде, 15-16 жасында қойса, сөйлескенде абай болып, көбірек сенім арту керек деп ойлаймын.

— Дильназ, сұхбатыңызға рақмет. Табыс тілеймін!


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!