Батырхан Шукенов: "Бізге кәсіпқой мамандар керек"

Фотография - Батырхан Шукенов: "Бізге кәсіпқой мамандар керек"

Батырхан Шүкенов – қазақстандық эстрада жұлдызы. «А-студио» тобының бұрынғы әншісі – отандық мәдениеттің мақтанышы.

347 0

Батырхан Шүкенов – қазақстандық эстрада жұлдызы. «А-студио» тобының бұрынғы әншісі – отандық мәдениеттің мақтанышы.

Оның әрбір әні хит. «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының түсірілімдерінде әнші тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Батыр, Сіз үшін бұл шоуға қатысу қаншалықты маңызды? Өзіңізді көпшіліктің есіне салу ма, қарқынды жұмыс күйін сақтау ма, әлде артық ақша табу ма?

- Ешқайсысы да емес. Өзімді еске салудың қисыны жоқ. Егер сенің көрерменің, тыңдарманың сені ұмытам деп шешсе, бұл жерде ешбір концерт көмектеспейді. Ол үшін сенің шығармашылығың маңызды. Қарқынды жұмыс күйіне де байланысты менде ешбір қиындық жоқ, мен музыкада тәулігіне 24 сағат өмір сүремін. Ал ақшаға қатысты, мен бұдан да пайдалырақ іспен айналыса аламын. Менің қатысу себептерім қарапайым. Маған шоу ұнайды. Түсірілім сапасы, әсем зал, аса белсенді көрермендер ұнайды. Және сахнадағы әріптестермен кездесу мүмкіндігі.



- Жақын уақытта көрермендерді немен таңғалдырмақсыз? Жаңа әндер, бейнебаяндар туралы айтсаңыз.

- Бәрі бұрынғыша. Жаңа әндер жазылуда, жаңа бағдарламалар құрылып, жаңа концерттер жиналуда. Жаңа айттым ғой, мен шығармашылығымда тәулік бойы өмір сүремін. Дәл қазір егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ. Меніңше, ән, бейнебаян деген сияқты дүниелерді көріп, тыңдап, бағалаған жақсы. Ал «жақында болады» деу қызық емес.

- Жақында телеарнадан «А-студио» тобы туралы «Құрмет тақтасы» циклінен деректі фильм көрсетілді. Көрген шығарсыз, қандай баға бердіңіз?

- Әрине, көрдім. Шынымды айтсам, әлдене ұнады, әлдене ұнамады. Алайда, бұл менің жеке пікірім. Айтқым келетіні: «А-студио» туралы айтқанда, мен туралы да айтуды ұмытпайтындарына қуанамын. Мен «А-студионың» өмірінде, ол менің өмірімде болды. Мен үшін оның маңызы зор.

- Батырхан, біздің қазақстандық телевизия туралы сөз қозғасақ. Отандық контентке қандай баға бересіз?

- Бізге кәсіпқой мамандар керек. Олардың жоқтығы барлық саладан, музыкадан, телевизиядан көрінеді. Бізге оқып-үйрену керек, шетелге барып, оларда қалай жасалатынын қарауымыз керек. Контенттің қазір жұтаңдау екені рас. Адамдарға қызық болатын жақсы тақырыптар керек. Ал Қазақстанда қызығушылық туғызатын дүниелер, тақырыптар көп қой. Сондықтан, телевизиямыз жоғары деңгейде болғанын ,телекөрермендер қолдарына пультті алып, тек қазақстандық телеарналарды қарағанын қалаймын.



- Өзіңіз қандай телеарналарды қарайсыз?

- Мен тек бірнеше шетелдік арналарды қараймын. Олар музыкамен байланысты жалпы білім беретін арналар. Олардың қатарында «Меzzо» (Франция) және «Культура» арналары.

- Мәскеуге жиі барасыз ба және «А-студио» тобындағы әріптестерден басқа да, ресейлік жұлдыздармен араласасыз ба?

- Мәскеудегі өмір сүру қарқыны басқаша, мұнда әркім өз ісімен басы қатып жүреді. Былай отырып, кездесуге уақыт болмайды. Қазір мен сіздерге осында түсірілімге келе жатып, Севарамен, Валерий Меладземен, Володя Пресняковпен телефон арқылы сөйлестім. Ал, былай отырып, шай ішіп дегендей, отырудың сәті түсе бермейді.

- Әңгімеңізге рақмет!


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!