Ресейдің Троицк қаласында Қазақ мәдениеті мен тілінің күні өтеді

Фотография - Ресейдің Троицк қаласында Қазақ мәдениеті мен тілінің күні өтеді

20 сәуірде Ресейдің Челябі облысындағы «Азамат» қоғамдық орталығының бастамасымен Троицк қаласында Қазақ мәдениеті мен тілінің күні өтеді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайты хабарлап отыр

165 0

20 сәуірде Ресейдің Челябі облысындағы «Азамат» қоғамдық орталығының бастамасымен Троицк қаласында Қазақ мәдениеті мен тілінің күні өтеді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайты хабарлап отыр.

Мерекеге қазақ шығармашылық ұжымдары, Челябі облысының муниципалды білімінің қазақ тілі мұғалімдері, Троицк қаласы мен Троицк ауданының тұрғындары, қазақ тілі оқытылатын Челябі облысы аудандарынан делегация қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ іс-шараға елімізден Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Қостанай облысының әкімшілігінің қызметкерлері де атсалыспақ.

Іс-шараның бағдарламасына негізделгенде басқосу кезінде Челябі облысы муниципалитеттеріндегі қазақ депутаттарының жиналысы өтіп, Қостанай облысы тілдерді дамыту Басқармасының қолдауымен қазақ тілін оқытатын шеберлік сынып та іс-шараның өтуіне күш салмақ. Қостанай филармониясы әртістерінің концерті өтумен қатар, Троицк қаласында 1911-1915 жылдары Қостанай облысының тумасы жазушы, ақын, публицист Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен шыққан қазақтың алғашқы қоғамдық-саяси және ағарту журналы «Айқапқа» ескерткіш тақтасы орнатылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!