А.Чеховтың «Әпкелі-сіңлілі үшеу» драмасы тұңғыш рет қазақ театрында сахналанды

Фотография - А.Чеховтың «Әпкелі-сіңлілі үшеу» драмасы тұңғыш рет қазақ театрында сахналанды

Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың аудармасымен А.Чеховтың "Әпкелі-сіңлілі үшеу" драмасының премьерасы өтті.

254 0

Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың аудармасымен А.Чеховтың "Әпкелі-сіңлілі үшеу" драмасының премьерасы өтті.

Қоюшы режиссері - ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың   лауреаты Рубен Андриасян.  Қоюшы суретшісі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Владимир Кужель. Басты рөлдерді Жандарбек Садырбаев, Шынар Жанысбекова, Данагүл Темірсұлтанова, Назгүл Қарабалина, Зарина Карменова, Құман Тастанбеков, Ерлан Біләлов, Руслан Сенкебаев, Жалғас Толғанбай, Жұмағали Маханов, Торғын Тасыбековалар сомдады.

"Апалы-сіңлілі үшеу" орыс сахнасында алғаш рет осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын қойылды. Ал қазақ сахнасында тұңғыш рет сомдалуы. А.Чехов пьесаларында көзге ұратын, ашық тартыс, қақтығыстар болмайды. Кейіпкерлер күнделікті тұрмыс-тіршілігін кешіп жатады. Армандары мен шынайы өмірлері арасындағы алшақтықтан жайсыздыққа ұшырайтын, ал ол арманның жүзеге асуы жолында шөптің басын да сындырмайтын олардың әрқайсысының өз драмасы және ол драманың бірнеше контексті бар", - дейді Ә.Бөпежанова.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!