62 сағат эфирде болған Непал тележүргізушісі рекорд орнатты

Фотография - 62 сағат эфирде болған Непал тележүргізушісі рекорд орнатты

Непал тележүргізушісі Раби Ламичан Буддаға арналған бағдарламаны үш тәулікке жуық уақыт жүргізді.

214 0

Непал тележүргізушісі Раби Ламичан Буддаға арналған бағдарламаны үш тәулікке жуық уақыт жүргізді.

36 жастағы Непал тележүргізушісі Катмандудағы ұлттық арнадағы телеэфирде 62 сағат 12 минут боп, әлемдік жаңа рекорд орнатты.

Осылайша, Раби Ламичан 2011 жылы эфирде 52 сағат болған укриандық әріптестері Павел Кужеев пен Татьяна Даниленкодан озып, ең ұзақ үзіліссіз ток-шоу жүргізді.

Жаңа рекордшы қазіргі уақытта АҚШ-та тұрады, бірақ «Будда Непалда дүниеге келген» деген бағдарламаны жасау үшін арнайы Отанына келген.

«Біздің бағдарламамыздың мақсаты – елімізге деген туристердің қызығушылығын арттыру үшін әлемге Будда және Непал жайында әңгімелеп беру», – деді ток-шоуды таратқан телеарна басшыларының бірі. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!