Нью-Йоркте қазақ музыкасының концерті өтті

Фотография - Нью-Йоркте қазақ музыкасының концерті өтті

Үстіміздегі аптада Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Бас консулдығының және «Қазақстан-американ альянсы» коммерциялық емес ұйымының ұйымдастыруымен америкалық аудиторияға арналған қазақ музыкасының концерті өтті.

137 0

Үстіміздегі аптада Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Бас консулдығының және «Қазақстан-американ альянсы» коммерциялық емес ұйымының ұйымдастыруымен америкалық аудиторияға арналған қазақ музыкасының концерті өтті.

Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығынан мәлім еткендей, дәстүр бойынша іс-шараға америкалық ресми және іскерлік топтар, шетелдік дипмиссиялар мен қазақ диаспорасының өкілдері шақырылды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томас Галло өзінің алғы сөзінде елдеріміз халқын және мәдениетін өзара жақындастыруға бағытталған мұндай іс-шараларды құптайтындығын атап өтті.

Келушілер алдында АҚШ уақытша тұрып жатқан және қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысып жүрген Гүлмира Әміртаева мен Самал Шайкеновалар Н. Тілендиевтің, Е. Үсеновтың және С. Бәйтерековтың туындыларын орындады.

Сондай-ақ сахнада Chinatown тобының бұрынғы мүшесі және SuperStar KZ байқауының қатысушысы Алтынай Сапарғалиева өнер көрсетті.

Бас консул Раушан Есболатованың айтуынша, Наурыз мейрамын атап өту аясында мұндай концерттерді ұйымдастыру дәстүрге айналды.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!