Кореялық әнші PSY Ғаламторды тағы бір дүр сілкіндірді

Фотография - Кореялық әнші PSY Ғаламторды тағы бір дүр сілкіндірді

Оның «Gentleman» атты жаңа әніне бейнебаянын бір тәулік ішінде YouTube-тен 20 миллион адам қараған.

255 0

Оның «Gentleman» атты жаңа әніне бейнебаянын бір тәулік ішінде YouTube-тен 20 миллион адам қараған.

Бұл туралы «Утро.ру» хабарлайды.

Кореялық рэпер PSY өзінің «Gentleman» деп аталатын жаңа әнінің бейнебаянын таныстырды. Бұл видео YouTube-те тәулік ішінде 20 миллион көрсетілім жинаған. Өткен жылғы «Gangnam Style» әнінің авторы поп-әртіс Джастин Бибердің рекордын жаңартты. Канадалық жас әншінің «Boyfriend» әнін өткен жылдың мамырында 8 миллион көрермен қараған.

2012 жылдың қараша айында «Gangnam Style» әнін YouTube арқылы 805 миллион адам қарап, бұл бұрын-соңды қаралған роликтердің ішінде рекорд орнатқан еді.

PSY-дың шын аты - Пак Чэ Сан. Ол Сеулде 1977 жылы дәулетті кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол әлемдегі ең танымал кореялық орындаушы болып табылады.

 


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!