The Jigits: Бізге «А-студионың» жолын берсін!

Фотография - The Jigits: Бізге «А-студионың» жолын берсін!

The Jigits – қазақстандық «Жұлдыздар фабрикасы» байқауының үш финалисінен құрылған трио. Үлкен сахнаны бағындыруға бет алған жігіттерге Байғали Серкебаев пен Ринат Гайсин продюсерлік етуде

6255 0

The Jigits – қазақстандық «Жұлдыздар фабрикасы» байқауының үш финалисінен құрылған трио. Үлкен сахнаны бағындыруға бет алған жігіттерге Байғали Серкебаев пен Ринат Гайсин продюсерлік етуде. «Қайырлы кеш, Қазақстан!» шоуы жігіттер үшін шеберліктерін шыңдайтын тағы бір тамаша мүмкіндік болды. «Еуразия» бірінші арнасымен орындаушылар елдегі музыкалық шоу туралы ойларымен, алдарына қойған жоспарларымен бөлісті.

- Жігіттер, бір топқа біріккендеріңе қанша уақыт болды?

Батыржан: Негізі біз «Жұлдыздар фабрикасы» байқауынан бірге жүрміз. Өзара қарым-қатынасымыз жақсы, тәп-тәуір тіл табысудамыз (күледі).

Әлішер: Ринат Гайсин мен Байғали Серкебаев басымызды біріктіріп, бізге жетекшілік етуде.

- «Қайырлы кеш, Қазақстан!» сияқты шоуларға үйренісіп кеттіңдер ме, әлде дегенмен қобалжу бола ма?

Батыржан: «Новая волна» байқауынан кейін әртүрлі қалалар, тіпті, түрлі елдерден шақырулар келіп түсті. Сол кезде біз мұндай жобаларға қатысып, қобалжуды жеңуді біршама үйреніп қалдық. Шын мәнісінде, біз Қазақстанда мұндай жобаның, осындай сапалы түсірілімдердің қолға алынғанына аса қуаныштымыз. Сәл-пәл қобалжу болатыны рас, алайда айтарлықтай қорқыныш жоқ.

- Әлішер, «Жұлдыздар фабрикасында» сіз жеңімпаз атандыңыз. Жобадан кейін өміріңіз өзгерді ме?

Әлішер: Ешқандай ақшалай жүлдеге ие болғаным жоқ. Алайда, мен үшін маңыздысы – продюсерлеріміздің қамқорлығы. Байғали Серкебаев пен Ринат Гайсин бізді «Новая волна» байқауына апарды, осымен бізде барлығы аяқталуы да мүмкін еді. Бірақ, біз төртінші орын алып, жақсы өнер көрсеттік, біз үлкен тәжірибе жинақтадық.

- Неліктен жобалардан «Жұлдыздар фабрикасын» таңдадыңыздар? Неліктен Х-factor емес дегендей...

Батыржан: біз үшеуіміз де Х-factor жобасында бағымызды сынап көрдік. Алайда, үшеуіміз де ұшып кеттік (күледі). Тіпті, бұл дұрыс та шығар. Себебі, менен тіпті қазір де қай жобаны таңдар едің десе, «Фабрика» деп жауап берер едім. Ол жақтан біз үлкен тәжірибе алдық.

- Қазір эфирде X-factor жобасының үшінші маусымы жүріп жатыр, қарап тұрасыздар ма?

Әлішер: Мен өзім де ұқсас жобаға қатыстым, сондықтан қарар едім. Мәселе тіпті, бәсекелестікте емес, уақыттың жоқтығында. Алайда, естіп жатамыз, достарымыз қарайды. Бұл туралы ғаламтордан оқып тұрамын. Жаңа жұлдыздың жанған сәтін бақылау өте қызық.

Батыржан: Бұл шоуды сенбі күні көрсетеді, ал сенбі күндері бізде көбінесе түсірілімдер, концерттер болып қалады, арасында қыдырып та үлгеру керек. Алайда жобаға қатысты жарқын-жарқын лебіздер естиміз. Осындай жобаларға қатысушыларға тілейтінім: жобадан өздеріне керектіні алып, бойларына сіңіріп, жоба аяқталғаннан кейін абдырап қалмай, өнерлерін шыңдай түссе. Себебі, ондай жобалар – сені киіндіретін, сәндеп, Нағима Есқалиеваның өзі келіп, «міне саған ән, мен саған қалай айтуды үйретемін» дейтін құдды ертегі іспеттес әлем. Бұдан артығын армандаудың өзі артық шығар.

- Неліктен Әли Оқапов сіздермен бірге емес?

Әлішер: Оған мұндай ұсыныс жасауға мүмкіндік болды. Алайда Әли басынан жеке әртіс ретінде жұмыс істегісі келетінін айтқан болатын. Алайда, біз бәріміз жақсы достармыз. «Фабрика» – бұл үлкен отбасымыз.

Батыржан: Ол бастапқыдан халыққа өз музыкасын сыйлағысы келді. Ол «топтың аты – топ, алайда, өз шығармашылығыңды көрсету керек» дейтін. Аяқ алысы жаман емес, бөлек кеткеніміз де дұрыс шығар деп ойлаймын.

- Сондай танымал музыканттардың продюсерлік етуіне қарап, жұртшылық өздеріңнен көп үміт күтеді. «А-студио» сияқты топқа айналу деген тілектер болды ма?

Әлішер: Олардың жүріп өткен шығармашылық жолын қайталау әсте мүмкін емес шығар. Алайда, соларға ұқсап бағуға тырысамыз. Бізде барлық мүмкіндік бар, біздің жетекшілеріміз сияқты продюсерлерге Қазақстанда екінің бірі қол жеткізе алмайды.

Батыржан: Өнерде өз жолымызды тауып, «А-студио» тобы сияқты халықтың ыстық ықыласына бөленсек деп тілейміз.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!