Қайрат Нұртастың 'Өкініші' қазақстандық прокатта көш бастады

Фотография - Қайрат Нұртастың 'Өкініші' қазақстандық прокатта көш бастады

Фильмнің бір мезетте көрсетілімге 46 көшірмесінің таратылуы отандық өнімнің рекорды болып тұр.

108 0

Қайрат Нұртас басты рөлде ойнаған «Өкініш» фильмі өткен аптада қазақстандық прокатта көш бастады. 11 сәуірде көрсетіле бастаған телетуынды алғашқы аптасында 34 831 670 теңге (232 211 АҚШ доллары) табыс әкелді, деп хабарлайды «Меломан».

Фильмнің бір мезетте көрсетілімге 46 көшірмесінің таратылуы отандық өнімнің рекорды болып тұр.

Естеріңізде болса, «Өкініш» мелодрамасында  Қайрат басты рөлде ойнайды, әрі ол әншінің өмірі туралы. Сюжет желісі бойынша бас кейіпкер атақ пен ақшадан жеріп Сәния (Жәния Джуринская) деген қызға ғашық болады. Қыз әншінің ақшасына қызығады, ал жігіт болса ол үшін туыстарымен араздасып үйінен кетіп қалады. Кино 2012 жылы жаздан бастап қарашаға дейін Алматы, Астана, Ақтау қалаларында және әншінің туған қаласы Түркістанда түсірілген. Фильмде Қайраттың ата-анасы, бауырларымен бірге танымал әртістер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұловтар түскен. Басты рөлдерде Қайратпен бірге әнші Сиви Махмуди, Ренат Баситовтер түскен.

Фильм түсіруге шамамен жарты миллиондай доллар кеткен. Киноның жалғасы түсіріледі деп жоспарлануда. Отандық кинпрокатта бір аптада миллион доллар табыс әкелген «Жаужүрек мың бала» рекорды өзгерген жоқ. Тағы да бір ауқымды жоба, «Ер-Төстік и Айдаһар 3D» анимациялық фильмі алғашқы аптада прокатта 31,3 миллиона теңге табыс әкелген еді. 

24-жасар Қайрат Нұртас 9 жасынан бері ән айтып келеді. Соңғы бірнеше жылда жүзге жуық ән жазып, 9 жеке жинағын шығарған. Ол жас сазгерлермен бірге, қазіргі қазақ эстрадасының классикалық туындыларын орындайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!