Отандық екі фильм DetectiveFEST кинофестивалінде сынға түседі

Фотография - Отандық екі фильм DetectiveFEST кинофестивалінде сынға түседі

Қазақстандық екі фильм Мәскеуде өтетін DetectiveFEST атты ХV Халықаралық детектив жанрындағы фильмдер мен құқыққорғау тақырыбындағы телебағдарламалар фестиваліне қатысады

158 0

Қазақстандық екі фильм Мәскеуде өтетін DetectiveFEST атты ХV Халықаралық детектив жанрындағы фильмдер мен құқыққорғау тақырыбындағы телебағдарламалар фестиваліне қатысады. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз-қызметі хабарлап отыр. 

«Ең үздік детектив жанрындағы және құқыққорғау мен әскери тақырыптағы кинофильм» номинациясы бойынша режиссер Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» және Тоқтар Қарсақбаевтың «Махаббат әткеншегі» атты мелодрама бақ сынайтын болады.

«Менің туындым жанры жағынан фестиваль форматына келе қоймайды, сондықтан осындай ұсынысты алу мен үшін күтпеген жағдай болды»,-деді Қарсақбаев.

Естеріңізге сала кетейік, DetectiveFEST фестивалінде «Прыжок афалины» атты отандық туынды «Ең үздік детектив жанрындағы фильм» номинациясы бойынша жеңіске жетсе, «Кто вы, господин Ка?» лентасы осы категория бойынша арнайы сыйлыққа ие болды.

DetectiveFEST халықаралық фестивалі 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестиваль президенті продюсер Юрий Митюшин болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!