Қазақстандық судьялар мен прокурорлар экран жұлдыздарына айналады

Фотография - Қазақстандық судьялар мен прокурорлар экран жұлдыздарына айналады

Танымал қазақстандық құқық қорғаушы Сергей Уткин отандық сот жүйесін бес балдық жүйе бойынша үшке бағалады

166 0

Танымал қазақстандық құқық қорғаушы Сергей Уткин отандық сот жүйесін бес балдық жүйе бойынша үшке бағалады. Алайда бұл жағдайды түзетуге болады деп санайды заңгер.

«Бүгінде өкінішке орай, бұл ортада қандай да бір енжарлық, пессимизм орнаған, егер құқық мәртебесі жоғары, қалтасы қалың, қандай да бір жоғары шенді адамдарға тиесілі болмаса, сотта өз құқыңды қорғау өте қиын деген түсінік қалыптасқан. Қарапайым адамға тек заңға сүйеніп, өзін қорғап, дәлелдеу оңай емес», - дейді Сергей Уткин Total.kz тілшісіне.

Сот мәртебесін жақсартуда Уткин өз үлесін қосуды көздейді. Құқық қорғаушы «Еуразия» бірінші арнасындағы тұсаукесері 22 сәуірге жоспарланған «Судебные истории» жобасына қатысуға келісімін берді. Уткиннің пікірінше, мұндай бағдарламалар халықтың заңды сауатын арттырып қана қоймай, әрине бұл қазақстандықтар үшін артық болмасы анық, сондай-ақ судья мамандығының мәртебесін қалыптастыруға септігін тигізеді. Ал бұл өз кезегінде қазақстандықтардың тұтастай жүйеге деген қарым-қатынасына, сенім артуына ықпал етеді.

«Шын мәнісінде, «Судебные истории» сияқты бағдарламалар биліктің үшінші тармағы – сот жүйесі бар екенін көрсете алулары тиіс. Бұл – халыққа өте-мөте қажет жүйе. Сотсыз ешбір маңызды мәселенің шешімін таппайтынын және әділетті сот болса, мемлекетте кез келген түйткіл шешімін табатыны туралы түсінік болуы керек. Мәселен, Президентті сайлауда, немесе парламент сайлауы кезінде таласты мәселе туады делік. Оны кім шешеді? Әрине, сот. Егер сот әділ болса, қоғам ол шешімді қабылдаса, нәтиже осы болмақ. Әділеттілік сезімді бойымызға Құдайдың өзі берген, ол әрбір адамның, әрбір қазақстандықтың жүрегінде бар. Кез келген адам газет оқи отырып, немесе бір бағдарламаны қарай отырып, шындықтың қай жақта екенін іштей түсініп отырады», - деп сөзін түйіндеді Уткин.


Тегтер:

телевидение

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!