Қайрат Нұртастың фильмі бір аптада 34 млн теңге табыс әкелді

Фотография - Қайрат Нұртастың фильмі бір аптада 34 млн теңге табыс әкелді

Қайрат Нұртас басты рөлде ойнаған «Өкініш» фильмі өткен аптада қазақстандық прокатта көш бастады. 11 сәуірден бастап көрсетіле бастаған бұл теле­туынды бір аптада-ақ 34,8 млн теңге (232 мың доллар) табыс әкелген

145 0

Қайрат Нұртас басты рөлде ойнаған «Өкініш» фильмі өткен аптада қазақстандық прокатта көш бастады. 11 сәуірден бастап көрсетіле бастаған бұл теле­туынды бір аптада-ақ 34,8 млн теңге (232 мың доллар) табыс әкелген. Бұл туралы «Меломан» порталы мәлім етті.

Фильмнің бір мезетте көрсетілімге 46 көшірмесінің таратылуы отандық өнімнің рекорды болып тұр. Фильм түсіруге шамамен жарты миллиондай доллар кеткен. Қ.Нұртас басты рөлде ойнаған бұл мело­драмада әншінің өз өмірі туралы баян­далады. Сюжет желісі бойынша бас кейіпкер атақ пен ақшадан жеріп, Сәния (Жания Джуринская) деген қызға ғашық болады. Қыз әншінің ақшасына қызығады, бірақ махаббаттан басы айналған жігіт ештеме байқамай, сол үшін өз жақын туыстарымен араздасып, үйінен кетіп қалады. Мело­драманың түсірілімі 2012 жылдың шілде­сінен бастап қарашаға дейін Алматы, Астана, Ақтау қалаларында және әншінің туған жері – Түркістан шаһарында түсірілген. Фильмге Қайраттың ата-анасы, бауырлары, сондай-ақ қазақ кино өнерінің майтал­мандары Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұловтар түскен. Басты рөлдерді Қайратпен бірге Сиви Махмуди мен Ренат Баситов секілді әншілер сомдаған. Киноның жалғасы тағы да түсіріледі деп жоспар­лануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!