Батыс Қазақстанда «Азаттықтың ақ таңы» атты ақындар айтысы мәреге жетті

Фотография - Батыс Қазақстанда «Азаттықтың ақ таңы» атты ақындар айтысы мәреге жетті

Сырым ауданында өңірдегі ақындар айтысының 55 жылдығына орай «Азаттықтың ақ таңы» атты жыр додасы мәреге жетті

277 0

Сырым ауданында өңірдегі ақындар айтысының 55 жылдығына орай «Азаттықтың ақ таңы» атты жыр додасы мәреге жетті.

Сырым ауданы әкімдігі, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, белгілі айтыс ақыны Бауыржан Халиолланың ұйымдастыруымен өткен айтысқа «Жібек жолы» шаруа қожалығының жетекшісі Ғанимат Нұрмұханов пен «Алтын тау» компаниясының басқарушы директоры Кемелбек Ойшыбаев демеушілік етіп, барлығы он алты ақын сайысқа түсті.

Аламан айтыста Теректі ауданынан келген Эльдар Иқсанов бас жүлдені жеңіп алса, оралдық Талғат Мықи - бірінші, сырымдық Бауыржан Ширмединұлы - екінші, жәнібектік Назгүл Кәрімова үшінші орынды иеленді. Бір топ ақынға «Облыс ақыны» атағы беріліп, бірқатарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!