Ә.Байғазиннің «Үндестік сабақтары» атты туындысы АҚШ-тың Tribeca кинофестивалінде көрсетіледі

Фотография - Ә.Байғазиннің «Үндестік сабақтары» атты туындысы АҚШ-тың Tribeca кинофестивалінде көрсетіледі

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Әмір Байғазиннің «Үндестік сабақтары» («Уроки гармонии»)  атты алғашқы кинотуындысы 17-29 сәуір аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін Tribeca кинофестивалінің «Көзқарас» атты арнайы бағдарламасында көрсетіледі

196 0

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Әмір Байғазиннің «Үндестік сабақтары» («Уроки гармонии»)  атты алғашқы кинотуындысы 17-29 сәуір аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін Tribeca кинофестивалінің «Көзқарас» атты арнайы бағдарламасында көрсетіледі.

Аталған секцияда көрермендер назарына 14 көркем және 8 деректі фильм ұсынылады, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, «Үндестік сабақтары» жобасы 2011 жылы VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» («Spotlight: New Kazakh Cinema»), үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына  мүмкіндік алған болатын.

Фильмді түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, «Берлинале Әлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, 63-ші Берлин кинофестивалінде «Үздік оператор» аталымында «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды. Жалпы, бұл фильм - жоғарыда аталған қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!